USD
USD
USD

 «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінеді

Ақтау қаласы мен оған жақын маңдағы ауылдар көгілдір отынмен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінеді
Фото: NEGE.kz

Ақтау, NEGE. «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының құрылысын аяқтау үшін Үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінетін болды. Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін тиісті қаулыға қол қойды. Ілкімді істің игілігін 150 мыңға жуық тұрғын көреді. Қазір қаланы жылумен қамту маңызды. Осыған байланысты бірқатар блок-модульді қазандық орнатып, 2 жаңа қазандық салу жоспарланып жатыр. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейді.

Динара Алимова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

- Қаражат «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату станциясы орната отырып, ұзындығы 52 шақырым газ құбыры құрылысын аяқтауға бағытталады. Жоба аяқталғаннан кейін аудандарға газ тартылады.
 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов

Үш карьер қазып, жерді бүлдірген: Қарағанды облысында заңсыз кен өндірісі тоқтатылды

ҚМА