USD
USD
USD

Жаңаөзен қаласында аттестат сатқан кешкі мектептің директоры сотталды

Жаңаөзен қаласында кешкі мектеп директоры пара үшін сотталды. Орта білім туралы аттестатты заңсыз берген оқу орнының басшысы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сондай-ақ оған ірі мөлшерде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңаөзен қаласында аттестат сатқан кешкі мектептің директоры сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңаөзен қаласының соты 70 мың теңге көлемінде пара алған мектеп директорына 2 100 000 теңге айыппұл салды.

"Сот Жаңаөзен қаласының кешкі мектеп директоры орта білім туралы аттестатты беру үшін 70 мың теңге көлемінде пара алғанын анықтады. Сот оның кінәсін толық мойындағанын және бұрын соты болмағанын ескерді. Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот мектеп директорын ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай