USD
USD
USD

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі қызметіне Айбек Қосуақов тағайындалды, деп хабарлайды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Маңғыстау, NEGE. Бүгін, 5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибагаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды.

ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды.

Депутаттар Маңғыстау облысының әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.

«Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жаңа әкімге Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді», - делінген Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айбек Қосуақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша және Қонаев атындағы көлік және құқық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

ңбек жолын 1997 жылы «Қаражанбасмұнай» компаниясында оператор ретінде бастаған.

2001-2004 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

2004-2006 жылдары «Жазық» АҚ атқарушы директоры болды.

2007 жылдан 2020 жылға дейін «Таушық ауыл шаруашылығы» компаниясының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарды.


 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер