USD
USD
USD

Жаңаөзен мешітінде өрттен зардап шеккен баланың жағдайы ауыр

Жаңаөзенде Шаңырақ шағын ауданындағы мешітте кілем өртенді. Салдарынан жасөспірімнің денесін күйік шалып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Бұл туралы Lada.kz порталы хабарлады.

мешіт
Фото: видеодан скрин

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 6 наурыз күні сағат 17:54-те қалалық мешіттің аумағында болған.

“Жаңдан салынған қалалық мешіт дәлізінде жатқан 40 шаршы метрлік кілем өртенді. Жалпы ауданы – 350 шаршы метр. Өрт сағат 18:10-да түгелдей сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді департамент.

Өрт кезінде 12 жастағы бала зардап шекті. Баланың екі құлағы, беті, мойны, екі қолы мен бел аймағы және жоғарғы тыныс алу жолдары I-II-III дәрежеде термикалық күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың денесінің 15-17%-ы күйіп қалған.

“Қазір баланың жалпы жағдайы ауыр. Жағдайы айтарлықтай жақсарып жатқан жоқ. Шокқа қарсы инфузиялық терапия енгізіледі”, – деді Жаңаөзендегі қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар