USD
USD
USD

Жаңақорғанда білім бөлімі басшысы мен 24 мектептің бухгалтері сотталды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы білім бөлімі басшысы мен 24 мектептің бухгалтері ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы аталған агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлады Kazinform.

Сот
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «2024 жылғы 4 сәуірде Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сотының (7 сәуірден бастап) Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Ибрагимовке, бас бухгалтер Қ. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтеріне қатысты үкімі күшіне енді. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», - деді Данияр Бигайдаров.

Үкімге сәйкес сотталғандар өмір бойы мемлекеттік және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылады.

«Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлеріне 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кететін жайт, бухгалтерлердің біріне бала күтіміне байланысты жазасын өтеу 5 жыл кейінге қалдырылды», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп