Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жаңадан салынып жатқан Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті

​Қатты жауған нөсер жаңадан салынып жатқан жолды шайып кетті. 

Жаңадан салынып жатқан Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қатты жауған жаңбырдан кейін ағынды су жаңадан салынып жатқан Талдықорған-Үшарал жолын шайып кетті.

Әлеуметтік желіде жолдың қақ ортасынан бөлініп, екі жағында автокөліктер тұрған видеолар тарап жатыр. «Жігіттер, Сарқанға барар жол екіге бөлініп қалды, мынау деген масқара?! Жаңадан салынған жол», - дейді бейнежазба авторы.

Оқиға Сарқан ауданына жетпей, Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылынан кейінгі Еңбек ауылының маңында болған. Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«22 мамыр күні сағат 16:45-те хабарлама түсті. Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар жолдың 395-шақырымындағы Еңбек ауылының тұсында қалың жауын-шашын суы көпірді шайып кеткен. Құбыр тәрізді көпірдің диаметрі - 3,5 м, тереңдігі - 3 метр. Матай-Лепсі ауылдары арқылы айналма жол бар», - делінген Ақсу ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример