USD
USD
USD

Сарыарқа ауданының жаңадан тағайындалған әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Жаңадан сайланған Сарыарқа ауданының әкімі Бауыржан Ералы тұрғындарға үндеу жасап, бірлесіп жұмыс істеуге әрдайым қуанышты екенін жеткізді. 

Сарыарқа ауданының жаңадан тағайындалған әкімі тұрғындарға үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құрметті «Сарыарқа» ауданының тұрғындары! Бүгіннен бастап сіздермен бірлесіп жұмыс істейтініме қуаныштымын.

Өзімнің үлкен өмір жолына қадамым осы ауданнан басталған болатын. «Сарыарқа» ауданы арқылы Астанамен танысып, қалаға бауыр бастым. Осы тарихи орталықта алғашқы жұмыс орным орналасқан, мансабым, елордадағы өмірім осында бастау алды.

Мойныма артылған үміт пен жауапкершілікті 350 мыңнан астам тұрғындардың алдында көтеретінімді түсінемін. Қала әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеген уақытта ауданның мәселелері мен проблемалары туралы хабардар болдым. Сондықтан аудан немен тыныс алып, тұрғындарды

не мазалайтынын білемін. Енді әріптестерімізбен бірге ағымдағы

және күнделікті міндеттерден басқа, қала тұрғындарының көпжылдық мәселелерін шешуді жалғастырамыз.

Міндетті түрде сіздермен әлі офлайн да танысамын. Алдағы кездесулер мен жеке қабылдауларда талай кездесеміз.

Әзірге маған хаттар мен ескертулеріңізді жазсаңыздар болады. Жаңа ұсыныстар мен бірлесе жұмыс істеуге дайынмын», - деп жазды Сарыарқа ауданының әкімі Бауыржан Ералы.

Сонымен қатар, тұрғындармен жедел кері байланыс үшін "Нұра" ауданы әкімінің аппараты әлеуметтік желілерде парақшалар ашты.

Тұрғындар өз сұрақтарын Facebook, Instagram, Telegram арқылы аппарат қызметкерлеріне жолдай алады. Әлеуметтік желілерде "Нұра ауданы әкімдігі" мекен-жайын енгізу арқылы парақшалармен мен аудан чатын табуға болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары