USD
USD
USD

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Ерболат Жанабылов
Фото: Ерболат Жанабыловтың Instagram-парақшасынан

Астана, NEGE. Соттың мәліметінше, 30 қыркүйекте Жанабылов үйінде жанжал шығарып, жұбайының қолын қызартқан. Алайда бұл әрекеттерден қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмаған.

Жабық сот отырысында Жанабылов кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растаған. Сондай-ақ жұбайымен татуласуға ниетті екенін айтқан.

Жәбірленуші Эльмира Толегенова күйеуінің өзін ұрмағанын, араларында сөзге келу болғанын мәлімдеді. Ол татуласу туралы келісімді өз еркімен, ешқандай қысымсыз жазғанын да растаған.

Сот Жанабыловтың мұндай құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, кінәсін толық мойындағанын және өкінетінін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Осыған байланысты сот тараптардың татуласуы негізінде іс жүргізуді тоқтатты.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2026 жылғы сәуірде блогерлер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде – 247 млн теңге көлемінде табыс тапқаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Ерболат Жанабыловқа екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Эльмира Төлегеноваға да 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасытағайындалды. Алайда оның кәмелетке толмаған балалары бар екені ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Эльмира Төлегенова күйеуімен ажырасатынын да мәлімдеген. 

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас