USD
USD
USD

Жаңа жылдан кейін нан қымбаттай ма?

Шығыс Қазақстан облысында жаңа жылдан кейін нан бағасы қымбаттамайды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазян осылай мәлімдеді. 

Жаңа жылдан кейін нан қымбаттай ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Владимир Гайламазянның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілмеуі үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Оның ішінде нанның қымбаттамауына баса назар аударылған.

«Келер жылдан бастап бөлке нанның орташа құны 90 теңгеден аспауы үшін әлеуметтік нан өндірумен айналысатын кәсіпорындар нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағадағы ұнмен қамтамасыз етіледі. Осылайша, жаңа жылдан кейін нан бағасы өспейді деп күтілуде», - деді ол.

Владимир Гайламазянның сөзінше, Өскемен қаласындағы дүкендерде әлеуметтік бағадағы нан алдағы уақытта да сатыла бермек. Бағаны тұрақтандыру мақсатында қала әкімдігі «Эко-агро» және «Хлебозавод Каравай» ЖШС келісшартқа отырды. Соның нәтижесінде, дүкендерде бірінші сорттағы бөлке нанның бағасы 85-95 теңге болмақ

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Ветеринар дәрігер

«Негізі жоқ ақпаратқа қалай пікір білдіремін?»: Ақкенженов Теңіз кен орны туралы

Ерлан Ақкенженов

Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын ірі жобаларды кешіктіргені үшін сынға алды

.