USD
USD
USD

Жаңа жылда корпоратив өткізуге рұқсат беріле ме?

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 16 желтоқсан мен Жаңа жылда ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізуге қатысты пікір білдірді.

Жаңа жылда корпоратив өткізуге рұқсат беріле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға арналған іс-шаралар, сондай-ақ мектептер мен театрларда жаңажылдық шыршалар өткізіле ме деген сауал жолдаған.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 шектеу карантин шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" қаулысына сәйкес, ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады", - делінген комитеттің жауабында.

Комитет мәліметінше, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсуіне байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті