USD
USD
USD

Жаңа жылда Алматы мен Астанаға қосымша пойыздар жүреді

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ жаңа жыл мерекесінде Алматы мен Астанаға қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл туралы ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Жаңа жылда Алматы мен Астанаға қосымша пойыздар жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы мен Астанаға билет қалған жоқ. Яғни, сатылым 45 күн бұрын ашылады. Сапарды алдын-ала жоспарлағандар өз билеттерін 40-45 күнде сатып алды. Қазір бұл жағдайды көріп, біз Алматы-Астана бағыты бойынша қосымша пойыздарды қосуды ұйғардық», - деп түсіндірді ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Кеше өткен брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев қыс мезгілінде, әсіресе жаңа жыл қарсаңында билеттер тапшылығы туралы айтқан еді.

«Әрине, жыл сайын оқу жылы басталғанда немесе аяқталғанда, жаңа жыл мерекесінде белсенділік күшейеді. Жыл сайын инфрақұрылымдық мүмкіндіктерге қарай, қосымша вагондар бөлінеді. Біз қосымша локомотив қоя алмаймыз. Қолда бардың бәрі – вагон кешені мен локомотивтер халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тартылатын болады. Біздің авиакомпаниялар да күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Бұл сөзсіз. Кеше ғана, мысалы, Астана-Петропавл және басқа да бағыттар талқыланды. Жалпы еліміз бойынша 2068 вагон тартылып, әрбір бағыт бойынша БАҚ-қа қосымша хабарлап отырамыз», - деп толықтырды Марат Қарабаев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар