Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жаңа жыл қарсаңында жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады

Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда.

Жаңа жыл қарсаңында жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданған шешімдерге байланысты. Алайда 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі​ қамтамасыз етіледі. Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда.

Вагондар мына бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:

1) Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;

2) Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;

3) Павлодар – Пресногорьковская;

4) Қызылорда – Семей;

5) Ақтөбе – Атырау. 

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф