USD
USD
USD

Жаңа жыл қарсаңында алматылықтардың құттықтаулары Қытай телеарналарында көрсетіледі

2023 жылдың 31 желтоқсанынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін Алматыдағы Абай алаңында алғаш рет Poetry Date Халықаралық жаңа жылдық поэзиялық акциясының түсірілімі өтеді. 

Жаңа жыл қарсаңында алматылықтардың құттықтаулары Қытай телеарналарында көрсетіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Трансляция Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады және Қытайдың CGTN ірі жаһандық телевизиялық желісінің медиа платформасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Әлемнің 7 қаласы ғана жаңа жылдық телемарафонға қатыса алады. Алматыдан басқа биыл Париж, Сидней, Каир, Мехико, Сиань және Чанши эфирге қосылады. 

Трансляция медиа платформада 24 сағат ішінде өтеді. Акцияға кез келген адам қатыса алады, ол үшін өлеңді қазақ немесе орыс тілінде оқу жеткілікті. 

Poetry Date жаңа жылдық бейнебаянына қазақ эстрадасының жұлдыздары, танымал әртістер мен ақындар қатысады. Жаңа жыл қарсаңында адамдар өтіп бара жатқан 2023 жылмен қоштасуға және жаңа 2024 жылды әлемнің түкпір-түкпіріндегі достарымен бірге қарсы алуға жиналады. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар