USD
USD
USD

Жаңа заң: Блогерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қаржы пирамидаларына қарсы тұруға бағытталған заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Онда алаяқтық схемаларды жарнамалаған вайнерлер мен әртістерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жаңа заң: Блогерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жақында болған қайғылы оқиғаны білеміз. Қаржы пирамидалары бүгінде үлкен проблема, әсіресе өңірлерде. Себебі адамдар сенеді, оны танымал вайнерлер, әртістер, қоғамдық пікір көшбасшылары жарнамалайды. Жұрт соңғы ақшасын апарып салады, сосын нәтижесін көріп отырмыз. Сондықтан, біз депутат Юрий Лидің жетекшілігімен заң жобасын әзірледік. Бүгінде топ жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта заң жобасын қабылдаймыз деп ойлаймын. Алаяқтық екенін біле тұра, қаржы пирамидасын жарнамалайтын вайнер, әртістер әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеп жатырмыз", - деді Қошанов Мәжіліс отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити