USD
USD
USD

Жаңа туған сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды

Алматы қаласында жаңа туған сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Жаңа туған сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы полициясы жаңа туған сәбиін Жамбыл облысының тұрғынына сатпақ болған ерлі-зайыпты Өзбекстанның азаматтарын  ұстады», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, ал Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Орал қаласында 17 жастағы қызды алдау арқылы жезекшөлікке салған Түркістан облысының 30 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

«Маңғыстау облысында шаруа қожалығының басшысы 59 жастағы азаматты күштеп, мамыр мен маусым аралығында мәжбүрлі түрде жұмысқа жегі фактісін анықтады. Барлық факті бойынша сотқа дейінгітергеу жүргізіліп жатыр», - деді Нұрділдә Ораз.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким