USD
USD
USD

Жаңа туған сәбиден коронавирус табылды

Қытайдың Ухан қаласында жаңа туған сәбидің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа туған сәбиден коронавирус табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәби дүниеге келген соң 30 сағаттан соң жаңа коронавирус инфекциясына тексерілді. Осы уақытта анасының талдауы коронавирусқа оң нәтиже берді. Нәресте Ухандағы мамандандырылған балалар ауруханасында бақылауда, оның жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Қытайлық дәрігерлер «инфекцияның анадан балаға тікелей берілу» ықтимал деген болжамды алға тартып отыр. 

Қазіргі уақытта 24 мыңнан астам адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуде тұр, 186 мыңы медициналық бақылауға алынған.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.