USD
USD
USD

Жаңа Президент сайланды

Салтанат Рахимбекова Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті болып сайланды.

Жаңа Президент сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кездесу онлайн режимінде өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша Салтанат Темірқұлқызы Рахимбекова Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Салтанат Рахимбекова 1965 жылы 18 ақпанда дүниеге келді, жасыл экономика және экология саласындағы белгілі қоғам қайраткері, бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың – G-Global жасыл экономика және даму коалициясы, «EXPO&Women» халықаралық ұйымы, Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағының негізін қалаушы және жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның жасыл экономикаға өтуі жөніндегі Кеңестің мүшесі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасының бес мерейтойлық медалімен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы