USD
USD
USD

Жаңа пәтерге ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз

Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасы аясында Тұран-2 шағынауданында орналасқан тұрғын үйлердегі пәтерлерге тікелей сатылым басталды. Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес, сатылымдағы таза әрлеудегі пәтердің 1 шаршы метрінің бағасы 200 000 теңгені құрап отыр.

Жаңа пәтерге ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз
Фото: NEGE.kz


 

Алматы, NEGE. Жеңілдетілген пайыздық көрсеткішпен сатылымдағы жалпы пәтер саны – 305. Оның ішінде, 1 бөлмелі пәтерлер саны – 136, 2 бөлмелі – 147, 3 бөлмелі – 22.

Аталған тұрғын үйлердегі пәтер құны жобамен: 1 бөлмелі пәтер 8 508 000 теңгеге дейін; 2 бөлмелі пәтер 12 438 000 теңгеге дейін және 3 бөлмелі пәтер 15 548 000 теңгеге дейін.

Несиелік баспанаға қол жеткізуді көздеген азаматтардан өтініштер Отбасы банктің «otbasybank.kz» интернет-ресурсы арқылы осы жылдың 08-18 қараша аралығында қабылданады.

Алғашқы жарна пәтер құнының 10 % төлену арқылы, несие жылдық 5% - бен беріледі. Несие мерзімі – 20 жылға дейін. Максимальды несие сомасы – 15 млн теңге. 

Айта кету керек, аталған тікелей сатылым бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Отбасы банктің салымшылары ғана өтінім тастай алады. Жаңа пәтердің иегері атанудың мүмкіндігін пайдаланып, өтінім жолдаңыз.

Қазір оқып жатыр

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.