USD
USD
USD

Жаңа Орлеан қаласы қирап қалды

АҚШ-тың бір қаласы қирап қалды. 

Жаңа Орлеан қаласы қирап қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Жаңа Орлеанның (АҚШ, Луизиана штаты) шығыс жағында қатты торнадо болып, кем дегенде бір адам мерт болды және сегізі зардап шекті. Сондай-ақ, үйлер қирап, электр желілерін түбімен жұлып әкеткен, көліктер аударылған, деп хабарлайды Reuters. 

Сейсенбі күні 19:30-да Сен-Бернар округі Араби ауданында құйын тәрізді түнерген сұрапыл қара бұлт ғимараттарды жермен жексен етіп, көліктерді аударған.

Құтқарушылар 26 жастағы ер адамның мәйітін үйінің алдынан тапқан, тағы сегіз адам ауруханаға жеңіл жарақатпен жеткізілді.

Ұлттық метеорология қызметінің метеорологтары залалды зерттеп, торнадоның Фудзиты бес балдық шкаласына сәйкес EF3 болғанын мәлім етті. Желдің жылдамдығы сағатына 136-дан 165 миль болған.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян