Жаңа оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың мерзімі бекітілді
Білім және ғылым министрі Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрыққа қол қойды.
Алматы, NEGE. Құжат бойынша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалды: 1) Жаңа оқу жылы әдеттегідей 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады. 2) Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 аптаға, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 аптаға жетеді.
Каникул кезеңдері:
Бүкіл сыныптарда - күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), - қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында), - көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында). 1-сыныптарға арналған қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болып белгіленді. Еске салсақ, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында балалардың мектепке қандай киіммен бара алатынын айтқан еді.