USD
USD
USD

Жаңа оқу жылында 382 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

1 қыркүйекте 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді.

Жаңа оқу жылында 382 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіш Шымкент қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында байқалып отыр.

Жаңа оқу жылында  11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті - 188 900 оқушы. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алады.  

55 мың бала оқу жылын жаңа мектептерде бастайды. 2023 жылдың соңына дейін жаңа 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Елімізде барлығы 7,7 мың орта білім беру ұйымы бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты