USD
USD
USD

Жаңа министр шу шығарған ба?

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенжерінде күні кеше тағайындалған Денсаулық сақтау министрінің селекторлық жиын өткізіп, онда бас дәрігерлер мен денсаулық сақтау басқармалары басшыларына әлеуметтік желідегі теріс пікірлер үшін ұрысқаны, жұмыстан қуатынын айтқаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Жаңа министр шу шығарған ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәл осы мәселеге орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме беріп, ақпараттың жалған екендігін айтып отыр.

«Құрметті азаматтар әлеуметтік желіде тараған сенімсіз ақпараттарға бой алдырмай, тек ресми дереккөзге сенуге шақырамыз. Барлық сенімді ақпараттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік парақшаларынан ала аласыздар», – деді ведомство.

Сонымен қатар министрлік қасақана жалған ақпарат таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев