USD
USD
USD

Жаңа мекенжайға мобильді қосымша арқылы тіркеуге тұруға болады

Мобильді қосымша арқылы тұрғылықты жер мен уақытша мекенжай бойынша тіркеу рәсімдеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа мекенжайға мобильді қосымша арқылы тіркеуге тұруға болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Kaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Цифрлық даму, Әділет министрліктерімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді өз смартфоныңыздың экранында және осы банктің қосымшасында тұрғылықты жеріңіз бен мекенжай бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдей аласыз. Бұл қызмет өзіңізді, балаларыңызды, пәтеріңіздегі басқа адамдарды тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға мүмкіндік береді», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн-брифингісінде.

Оның айтуынша, тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде анықталады.

«Бұл қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фотоверификациядан өту керек, ол сіздің атыңыздан қызметті ешкім пайдалана алмайтынына кепілдік береді. Азаматтарға смартфонда көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және есептен шығару сияқты сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер қолжетімді», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі