USD
USD
USD

Жаңа көлікті онлайн тіркеуге болады

Мемлекеттік компаниялар карантин мерзімі кезінде бұған дейін қолжетімсіз болған бірқатар сервисті іске қосты. 

Жаңа көлікті онлайн тіркеуге болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еgov.kz порталында автосалоннан сатып алынған көлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды. Екі күн ішінде қазақстандықтар 28 жаңа автокөлікті онлайн тіркеп үлгерген. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай мәлімдеді. 

Ол карантин кезінде азаматтарға ыңғайлы болу үшін іске қосылған сервистерге тоқталды. Соның бірі автосалоннан сатып алған көлікті онлайн тіркеу. 

"Бұрын азаматтар автосалоннан алған жаңа көлігін тек халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркей алатын. Екі-үш күн бұрын egov.kz порталында онлайн тіркеу қызметін іске қостық. Толық емес екі күн ішінде қазақстандықтар 28 көлікті портал арқылы рәсімдеген", - деді М.Жұманбай. 

Ол мінілген көлікті egov.kz арқылы тіркеу екі жыл бұрын іске қосылғанын атап өтті. 

"Карантин, жалпы, электронды үкімет жүйесіне серпін берді десем де болады. Біздің әріптестер, қазақстандық мемлекеттік ІТ компаниялар осы уақыт ішінде бұған дейін қолжетімсіз болған көп сервисті іске қосты. Мәселен, электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн алу мүмкіндігі пайда болды. Бұрын оны халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ғана алуға болатын", - деді ол. 

Айта кетсек, елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. Кейін президент жарлығымен режим мерзімі 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін ұзартылды.

Қазір оқып жатыр

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.