USD
USD
USD

Жаңа көліктер қымбаттады

 Жеңілдетілген автонесие алуға 22 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 8,5 мыңға жуығы расталды.

Жаңа көліктер қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады. Өтініштің көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарынан түскен. Бірақ осы бас қаламыздағы автосалондарда көлік тапшылығы байқалады.  Жаңа көліктер 20%-ке қымбаттады Елордадағы автосалондарда кейбір көлік түрлері тапшы. 

Hyundai Astana орталығы менеджерлерінің айтуынша, қазіргі кезде қолда бар көліктердің барлығы сатылып кеткен. Жаңа көлік алатындар 2 ай немесе одан да ұзақ күтуі керек. Ал осы уақытқа дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 22 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 8,5 мыңнан астамы расталды. Техниканың орташа құны моделі мен жабдықталуына қарай 7 млн 17 млн теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар Chevrolet көлік салондарында да кейбір модельдер жоқ. Бұл жерде тапсырысты күту мерзімі 3-4 айға дейін барады. Ал Toyota-ның дилер орталықтарында тауар бар болғанымен алдағы уақытта логистикалық мәселелер бойынша Camry моделі мен RAV4 кроссоверінің тапшылығы байқалуы мүмкін. Себебі дәл осы модельдер Қазақстанға Ресейден тасымалданады. Ал Ресейдегі зауытта көлік құрастыру уақытша тоқтап қалған. Жалпы соңғы төрт айда елде жаңа көліктер 20%-ке қымбаттады.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков