USD
USD
USD

Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру – Президент

Барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру – Президент
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.

«Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент жаңа Қазақстан құрудың мақсатын айтты.

«Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды», - деді Қ.Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Аида Балаева

Заң күшейді, қорқыныш сейілмеді: тұрмыстық зорлық-зомбылық неге толастамай тұр?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Үкімет басшысы лауазымында қалған Бектенов Президентке қандай уәде берді?

Олжас Бектенов

Вакансияны жарияламай адам алған жұмыс берушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Іс