Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жаңа қаулы: Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды?

  2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді.

Жаңа қаулы: Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жаңа қаулыға сәйкес «2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында: – республиканың барлық өңірлерінде: контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға; білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде: жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға; оқу бітіретін сыныптар ( 9, 11 (12) сыныптар ) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етілмек; Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Айта кетсек, мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күнге созылады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті