USD
USD
USD

Жаңа қаулы: ШҚО-да банкет пен той өткізуге тыйым салынды

Өңірдегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа қаулы: ШҚО-да банкет пен той өткізуге тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда жазылғандай, жұмыс берушілер еңбек ұжымының кемінде 70%-ін қашықтан жұмыс істеу режиміне жіберуі керек. Бірінші кезекте Covid-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 ай ішінде коронавируспен ауырмаған қызметкерлер онлайн форматқа ауыстырылады. «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар үшін бірқатар өзгеріс енгізілді. Салтанатты шаралар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар өткізуге тыйым салынды. Тек 30 адамға дейін ас беруге рұқсат берілген. Сондай-ақ ашық ауада марафонға шығуға, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға болмайтынын ескерткен. 

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков