USD
USD
USD

Санитарлық бекеттер қойылады

Шығыс Қазақстан облысында карантин талаптары қатаңдатылды.

Санитарлық бекеттер қойылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Бүгінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 6,4%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,372 . «Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан, Аягөз аудандары мен Семей қаласының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер және полиция департаменттері, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары Алматы облысы тарапына қойылатын - 2, Қарағанды облысының тұсындағы - 1 және Аягөз ауданы аумағындағы 2 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. «Қызыл» аймақтағы өңірден келетін адамда санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 инфекциясының жоқтығын растайтын ПТР-сынаманың теріс нәтижесі туралы (мерзімі үш тәуліктен аспайтын) анықтаманың болуы міндетті.

Бірақ бұл талап Аягөз ауданы шекарасындағы облысішілік санитарлық бекеттерге қолданылмайды», - делінген құжатта. Сонымен қатар Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданының әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар әлеуметтік-экономикалық объектілерде карантин шектеулерінің сақталуын қадағалауы тиіс. «Қызыл« аймаққа кірген аталған 3 қаладағы объектілердің жұмысына бірқатар шектеу енгізілген. Атап айтқанда, ғимарат сыртындағы азық-түлік және шаруашылық заттар саудалайтын базарлар сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істеп, жексенбі күні жабық болады. Ғимараттардың ішіндегі базарлар демалыс күндері мүлде жұмыс істемейді. Азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілері жұмыс күндері ғана сағат 21.00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Ал қоғамдық тамақтану объектілері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтардың болуына рұқсат берілген. Көрермендердің қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге де тыйым салынды», - делінген қаулыда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy