Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жаңа қаулы: Шымкентте карантин талаптары қайта күшейтілді

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов және Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Ахметовтың қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен карантиндік шаралар туралы баспасөз брифингі өтті. 

Жаңа қаулы: Шымкентте карантин талаптары қайта күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бақытжан Жолдасбекұлының мәлімдеуінше, қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып тұр. Соңғы тәулікте шаһарда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 342 жағдай тіркелген. Бұл ретте 78 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 264 адам үй бақылауына алынды.

– Шымкент қаласы қазіргі таңда «қызыл» аймақта тұр. Сондықтан қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз. Бүгінгі күні қалада 2 196 төсек-орын бар, оның 933-і бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 1263 науқас ем қабылдауда немесе толымдылығы 58% құрайды, - деді басқарма басшысы. 

Шымкент короновирус инфекциясына қарсы екпе салдыру бойынша, елімізде көш басында екенін тілге тиек еткен Бақытжан Позилов әлі де жұмысты жандандыру қажет екендігін жеткізді. 

– Жалпы қалада вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Қалада бүгінде 45 егу бекеті жұмыс істеуде. Қазірге дейін 1 компоненттен 325 354 адамға, 2 компоненттен 198 008 адамға егілді. Бұл – вакциналанған тұрғындардың 60%-ы. Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент көш басында. Дегенмен, тұрғындар әлі де сақтық шараларын басты назарда ұстау керек, – деді Б. Позилов. 

Сондай-ақ брифинг барысында Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Ахметов инфекцияның тіркелуінің жоғарылауына байланысты шектеу шаралары күшейтілгенін атап өтті. 

Оның айтуынша, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 13 шілдедегі №21 қаулысына сәйкес, сенбі, жексенбі және мереке күндері қалалық қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Базарлардың  да жұмысы демалыс күндері шектеледі, тек жұмыс күндері 20:00-ге дейін істейді. Сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Аида Балаева

Құрылтай депуттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин