Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтан қаласында кафе мен мейрамхананың жұмыс кестесі өзгереді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысына сәйкес, мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына талап күшейтілді.

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтан қаласында кафе мен мейрамхананың жұмыс кестесі өзгереді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде және ашық ауада) қоғамдық тамақтану объектілері орналасқан жеріне қарамастан мына талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді: Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен қызмет көрсетеді. Сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады, тамақты жеткізу және шығаруды штаттық режимде жүзеге асырады.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері демалады. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді, ғимарат ішінде толтырылуы 50%-ға дейін болу керек, бірақ 30 орыннан аспауы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Аида Балаева

Құрылтай депуттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин