USD
USD
USD

Жаңа қаулы: «көк» статусы бар қазақстандықтар үшін кейбір шектеулер алынды

  Бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова бірден екі қаулыға қол қойды.

Жаңа қаулы: «көк» статусы бар қазақстандықтар үшін кейбір шектеулер алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда «көк» статусы бар қазақстандықтар үшін кейбір шектеулер алынды 19 ақпаннан бастап келесі шектеулер күшіне енеді: 1. Бейтарап «көк» мәртебесі бар келушілер үшін «қызыл» аймақтағы көп адам жиналатын орындарға - СОО, сауда үйлері мен сауда желілеріне, көрмелерге, караоке, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге, спорттық іс-шаралар мен марафондарға, сауықтыру және діни объектілерге, ойын клубтарына, казиноларға барған кезде, сондай-ақ үй-жайларды 70 пайызға дейін толтырған кезде салтанатты, естелік, ойын-сауық және өзге де іс-шараларға шектеулер алынды.

2. Қызметтің барлық түрі үшін «сары» аймақтағы шектеулер алынды. 3. Ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылды. 4. Pfizer вакцинасын қолдану арқылы вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және вакцинаның бірінші дозасын шетелде алған адамдар бастапқы курсты аяқтай алады. 5. Pfizer вакцинасын қолданып, қайта вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық