USD
USD
USD

Жаңа қаулы: Карантин шектеулері жеңілдейді

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдің қандай кәсіпорындарына Ashyq-сыз жұмыс істеуге рұқсат берілетінін және қандай әлеуметтік-экономикалық нысандар қызметін жандандыра алатынын айтты.

Жаңа қаулы: Карантин шектеулері жеңілдейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қаулыдағы 2-қосымшада көрсетілген шектеулерді ескере отырып, Ashyq қосымшасын пайдаланбайтын кәсіпорындардың қызметі қайта жанданады. 2-қосымшаға сәйкес қауіпсіз (жасыл) мәртебесі болған кезде Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік - экономикалық объектілер қызметтерінің өлшемдеріне сәйкес, қызметкерлерде және келушілерде жасыл мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті сынамалар алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын уақыт ішінде, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) жұмыс режимі бойынша шектеусіз қызметке рұқсат етіледі.

 Сонымен қатар, Ashyq жобасына қатысатын объектілерде қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз (жасыл) мәртебесі болған жағдайда рұқсат етіледі:

салтанатты, отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) толымдылығы 50%-дан асырмай, бірақ 50 орынға толтыруға рұқсат етілді;

- 50%-ға дейін, 50 орыннан аспайтын адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және басқа да іс-шараларға; - 70%-дан аспайтын, бірақ 200 келушіден көрмелер өткізу;

- 500 адамнан аспайтын марафондар (ашық ауада) өткізу;

- көрермендермен 50%-дан аспай толтырылған спорттық іс-шаралар өткізу;

– спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының (жаттығулардың) толтырылуы 20%-дан аспайтын қызметі;

- діни объектілер қызметі (жұма намазын жабық үй-жайларда өткізу) 20%-дан асырмай;

- ойын клубтарының (казино) қызметі 50 адамнан асырмай жұмыс жасауларына рұқсат етіледі. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор органдарындағы қызметкерлердің 80% - ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру бойынша талап қалады.

Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізілген жағдайда қашықтан және көзбе-көз жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды есепке алмай қызметті жүзеге асырады.

Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID - 19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі. Қаулы қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан басшысы тарту еткен мешітке барды

Мирзиёев, Тоқаев

Тоқаев Түркістан қаласына ұшып барды

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі бесінші баласын дүниеге әкелді

Гүлайым Рахмонова

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Мәжіліс