USD
USD
USD

Жаңа қаулы: Елордада сауда орталықтарына «жасыл» статус алғандар ғана кіреді

Бұл шара мереке қарсаңында коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында енгізіліп отыр

Жаңа қаулы: Елордада сауда орталықтарына «жасыл» статус алғандар ғана кіреді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қалада шектеу және карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес, 15 қарашадан бастап сауда және ойын-сауық орталықтарына жұмыс және демалыс күндері тек «жасыл» статус алған адамдар ғана кіре алады.  

Санитар дәрігер әкімдікке сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыруды тапсырды. Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» статусы болған жағдайда (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарды қоспағанда) сауда орталықтары жұмыс және демалыс күндері тұрақты режимде жұмыс істейді.

Бұл шара сауда және ойын-сауық орталықтарында үй карантинін бұзатындардың көптеп тіркелуіне байланысты, сондай-ақ елордадағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және мереке қарсаңында Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды», – делінген хабарламада.  

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе