USD
USD
USD

Жаңа қаулы: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді

ҚР Көліктегі бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Жаңа қаулы: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. COVID-19 індетіне байланысты «қызыл» аймаққа жатқызылған өңірлерде «Ashyq» жобасына қатыспайтын әуежайларға күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруі шектелетін болды. Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында осындай норма қарастырылған. «Тәуекелі жоғары («қызыл» аймақ) өңірлерде, «Ashyq» жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды әуежайлар ғимараттарына кіргізуді шектеу қамтамасыз етілсін», - деп жазылған құжатта.

Теміржол вокзалдарына да дәл осындай талап қойылып отыр. «Қызыл» аймақтағы өңірде «Ashyq» жобасына қатыспайтын вокзалдардың барлығында күтіп алушылар мен шығарып салушылардың ғимаратқа кіруіне тыйым салынды. Қаулы қол қойылған сәтінен - 11 мамыр, сағат 20.15-тен бастап күшіне енеді. Еске салайық, әуежай ғимараттарына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізілетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy