2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Жаңа iPhone 12 топтамасының бағасы қанша?

Apple компаниясы жаңа iPhone 12 смартфонының топтамасын жариялады.

Жаңа iPhone 12 топтамасының бағасы қанша?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Жаңа iPhone 12 бағасы 799 доллардан (342 760 теңгеден), ал mini 699 доллардан (299 861 теңгеден) басталады.

iPhone 12 Pro бағасы 999 доллардан (428 557 теңгеден), ал 12 Pro Max 1099 доллардан (471 456 теңгеден) басталады.

Жаңа жиынтықта адаптер мен құлаққап жоқ. Қорабында кабель бар.

Гаджеттің артқы жағында әрқайсысында 12 мегапиксельді қос камера бар. Алдыңғы модельдерден айырмашылығы – жаңа iPhone-да телеобъектив жоқ. 

Смартфонның OLED дисплейінің максималды жарықтығы 1200 нитке тең. Дисплейдің тұнықтығы – 2532-ден 1170 пикселге дейін, пиксель тығыздығы – 460 дюймге тең.

Жаңа iPhone-да MagSafe бар. Бұл смартфонның ішінде дөңгелек магнит барын білдіреді. Оның көмегімен құрылғыға қап және басқа да аксессуарларды, тіпті әмиянды да жабыстыруға болады.

Барлық сериясы жаңа мобильді байланыс стандарты 5G-ге қосылады.

iPhone 12 Pro және Pro Max жылтыр, күміс, графит және көк түсте болады.

iPhone 12 қызыл, көк, қара, ақ және жасыл түсте шықты.

Көрсетілген баға 2020 жылғы 14 қазандағы курс бойынша жеткізу және басқа да қосымша ақыны есепке алмай көрсетілген. Жаңа  iPhone өнімінің ең қымбат бағасы шамамен 830 мың теңге болуы мүмкін. 

Алайда, бұл сома ешкімді шошыта қоймас? Қазірден бастап, жаңа iPhone 12-ні күтіп, екі алақанын ысқылап отырғандар қаншама? Қалтасындағы соңғы тиынын шашса да, алатындар табылады. Дым болмаса, алдыңғы  iPhone-ның несиесіне қосып тағы да несие ресімдей салады.

Қазір оқып жатыр

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы