USD
USD
USD

Жаңа елшілер тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында тағайындаулар жасады.

Жаңа елшілер тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылған.

Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов те Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық