USD
USD
USD

Жаңа елшілер тағайындалды

«Қазақстанның Словакия, Эстония, Жаңа Зеландия, Камбоджо және Лаостағы елшілері тағайындалды», – деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Жаңа елшілер тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Роман Юрьевич Василенко – Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі боп, Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов – Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі боп, Сингапур Республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Әркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қатар алып жүруге, Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Камбоджо Королдігіндегі, Лаос Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі қызметін қатар алып жүруге тағайындалды», – делінген Ақордадан жеткен ақпаратта.

Сондай-ақ, басқа қызметке ауысуына байланысты Роман Юрьевич Василенко ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен, Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж