26 Желтоқсан 16:00
...

Жаңа АӘК алу үшін не керек?

Фото:
 Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев пен ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа ережелерін түсіндірді,

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Бірінші вице-министр АӘК-ті жаңа форматта тағайындау мәселелерін азаматтармен алдын ала пысықтауды ұсынды. «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалатын болады. Енді сіздердің екі негізгі міндеттеріңіз бар: желтоқсан айына төлемдерді келесі жылға ауыстырмай жыл соңына дейін төлеу және азаматтарға қаңтар айында АӘК тағайындау үшін құжаттар тапсыруға болатындығын және ақпанда әлеуметтік көмек алатындығын түсіндіру. Олар жаңа жылдық мерекелерден кейін алаңдап, жұмыспен қамту орталықтарында кезек құрудың қажеті жоқ», – деді ол.

 12 желтоқсанда ҚР Парламентінің сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады. Заң көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізуді, АӘК көрсету тетіктерін жетілдіруді және табысы аз отбасынан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама енгізуді көздейді.

Сонымен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді.  

Тегтер: