26 Мамыр 19:22
...

«Жаңа Адамдар» Астананың аудан әкімдерімен бірге жұмыс істейді

Фото:

Сәуір айының соңында Жаңа Адамдар Астана тұрғындары арасында елорданың жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын. Астана қаласының әкімі «Жаңа Адамдар» қозғалысының өкілдерімен кездесіп, әкімдік қызметшілеріне жастар көтеріп жүрген мәселелерді шешу жөнінде кеңесті. 

Астана, NEGE. Астана қаласындағы әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының өкілдері елорда басшысы Жеңіс Қасымбекпен кездесті. Кездесуде қаладағы жаяу жүргіншіге арналған соқпақтардың сапасы сын көтермейтіні айтылды. Бұған дейін қозғалыс белсенділері әкімдікке өткізген қауіпті тротуарлардың тізімі қала көшелерін жөндеу жұмыстарының жоспарына енетін болды. Астана қаласы әкімінің бас орынбасары Нұрлан Нұркенов аталған кемшілікті жою үшін бюджеттен ақша бөлуге уәде берді.

Сондай-ақ, елорда аудандарының әкімдері «Жаңа адамдар» қозғалысына апта сайын төселген пандустар мен тротуарлардың қалай жөнделіп жатқаны туралы есеп беріп отыратын болды.

«Сең қозғалды деуге болады. Бірақ біз бұған қанағаттанып, тоқтап қалмаймыз. Қалада әлі де көптеген мәселелер бар. Біз көтерген мәселе тұрғындар үн қосқанда ғана нәтиже болатынын көрдік. Әрі қарай да Астананың құрылыс мәселелерімен айналыса береміз. Барша астаналықтарды ортақ проблемаларды бірлесіп шешуге қатысуға шақырамын. Жаңа Қазақстан ел ішінде ортақ жанашырлық, ұйымдасқан әрекет арқылы ғана орнайды», - дейді қозғалыс белсендісі Арлен Таңатұлы.

«16 мамырда Жаңа адамдар Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесу өткізді.Онда біз елорданың жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының проблемаларын талқыладық.Тізімде көрсетілген проблемалық орындар «жөндеу жұмысна кетті».Бұл олқылықтың орнын жоюға Астана қаласы әкімінің бас орынбасары Нұрлан Нұркенов бюджет қаражатын бөлуге уәде берді.

Елорда аудандарының әкімдеріне аталған проблемаларды шешуге - пандустар жасауға, тротуарларды жөндеуге және тағы басқаларға өкім келіп түсті. Олар апта сайын Жаңа адамдардың алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, нақты не және қай жерлердің түзетілгенін және біз жинаған проблемаларды жою бойынша қандай шаралар қабылданғанын көрсететін болады. Астана аудандарының әкімдерімен бірге біз қаладағы қауіпті және ыңғайсыз жерлерді жөндеу қажеттілігіне көз жеткізу үшін анықталған проблемалық мекенжайлар бойынша жүрдік.

Істің басы шешілді.Бірақ бұл біз тоқтауымыз керек дегенді білдірмейді. Қалада әлі де көптеген мәселелер бар. Біз жасаған жұмыс қаланы абаттандыру тұрғындармен бірлескен күш-жігермен ғана мүмкін болатындығын көрсетті. Біз Астананың қала құрылысы мәселелерімен айналысуды жалғастырамыз және елорданың барлық тұрғындарын өз проблемаларын шешуге,қатысуға шақырамыз. Шынында да, егер әрқайсымыз өз қаламызға,елімізге жанашырлық танытып, іс-әркет жасамайынша, жаңа Қазақстан болмайды», - делінген қозғалыс хабарламасында. 

Тегтер: