16 Қаңтар 13:13

Жаңа жыл – жаңа интернетпен: «Қазақтелеком» шалғайдағы ауылды «оптикаға» қосты

ШҚО
Фото: Қазақтелеком

Жетекші телеком-оператор аймақтардағы талшықты-оптикалық желінің географиясын кеңейтуде. Жаңа жыл қарсаңында жоғары жылдамдықты интернетке Шығыс Қазақстан облысының шалғайдағы Біржан ауылының тұрғындары қол жеткізді.

Зайсан ауданындағы Біржан ауылы аудан орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан, елді мекенде 200-ден астам отбасы тұрады. Талшықты-оптикалық байланыс желілерін салып, төсеу әрдайым экономикалық тұрғыдан тиімді бола бермейтін таулы өңірдегі ауылға Wi-Fi-радиокөпір орнату тез және оңтайлы шешім болды.

Валентина Козлова
Фото: Қазақтелеком

«Бұған дейін Біржан ауылының тұрғындары Интернетке деректерді беру жылдамдығы төмен, ескірген CDMA сымсыз технологиясы арқылы ғана қол жеткізген болатын. Алайда, «радиокөпір» технологиясын қолданудың арқасында біздің мамандар қысқа мерзімде қырық үйді жоғары жылдамдықты интернетке қосуға мүмкіндік алды, ал айдың соңына дейін мақсатымыз – тағы алпыс үйдің желіге кіруін қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес бойынша дивизионның Шығыс өңіріндегі клиенттермен жұмыс жөніндегі орталығының басшысы Валентина Козлова.

Ауылдағы интернет жылдамдығы жоғары, ал байланыс тұрақты болуы үшін «Қазақтелеком» мамандары антенна-діңгек құрылысына «радиокөпір» және жаңа заманауи жабдықтар орнатты. Wi-Fi радиостанциясы оптикалық желіге ұқсас сигналдың жоғары сапасын сақтай отырып, ақпаратты 5 шақырымға дейін жеткізу мүмкіндігіне ие. Сигнал оптикалық желіге қосылу нүктесінен таратқыш арқылы беріледі және одан әрі ауыл тұрғындарының үйлерінде орнатылған маршрутизаторларға түседі. Осылайша, цифрлық телевизия мен интернетке қолжетімділік Біржан ауылының әрбір үйінде пайда болды.

Жергілікті әкімдіктің ассистенті Қарлығаш Дүзбаева – «Қазақтелекомның» жаңалығына қосылған ауылдың алғашқы тұрғындарының бірі.

Қарлығаш Дүзбаева
Фото: Қазақтелеком

«Мен жұмыс бабымен бейнебайланыс арқылы басқа аудандардағы әріптестеріммен үнемі байланыстамын. Шұғыл жағдайларда көбінесе үйден қоңырау шаламын. Бұрын туыстарыма қоңырау шалу немесе электрондық поштаны тексеру мүмкін емес еді – жылдамдық тым төмен болды. Компания мамандары жоғары жылдамдықты интернетпен оңтайлы тарифке ауысуды ұсынғанда бірден өтініш бердім. Бүкіл отбасым «Қазақтелекомның» жаңа интернетін «өте жақсы» деп бағалайды», – дейді Қарлығаш.

Ауыл тұрғындарын интернетке қол жеткізетін заманауи технологияны дамыту жетекші телеком-оператордың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Биыл «Қазақтелеком» Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай облысындағы он ауылда wi-fi-радикөпірін қондыруды жоспарлап отыр.