USD
USD
USD

Жаңа жыл қарсаңында сотталғандар қардан алып мүсіндер жасады

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ның №31 мекемесінде сотталғандар қардан ерекше мерекелік мүсіндер жасады.

ҚАЖД
Фото: ҚАЖД

Алматы, NEGE. Мекеме жаңажылдық мүсіндер кенттің көпшілік жиналатын, адамдар жиі баратын аумақтарына орнатылғанын атап өтті.

ҚАЖД
Фото: ҚАЖД

Сотталғандардың өз қолымен жасаған жаңажылдық кейіпкерлер бейнеленген мүсіндері кент келбетіне ерекше көрік берді. Жарқын әрі мазмұнды композициялар тұрғындар мен қонақтар үшін жағымды тосынсый болып, елді мекенге жылулық пен мерекелік көңіл күй сыйлады.

ҚАЖД
Фото: ҚАЖД

Сонымен қатар сотталғандар мекеме аумағында да ерекше жаңажылдық атмосфера қалыптастырды. Мерекелік безендірудің басты нышаны ретінде мекемеде биіктігі төрт метрлік Қар ханшайымы орнатылды. Оның маңында мейірімді қар аюы мен басқа да ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері орналасқан.

ҚАЖД
Фото: ҚАЖД

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында РММ №31 мекемеде ерекше жаңажылдық шырша бой көтерді. Мерекенің басты символын бұл жолы сотталғандар өз қолымен кітаптардан жасап шықты. Мерекелік шыршаны құрастыру үшін шамамен 600 баспа кітап пайдаланылды. Кітап шыршасын жасау ортақ еңбектің нәтижесі болды. Сотталғандар құрылымның пішінін бірлесе ойластырып, кітаптарды мұқият іріктеп, әр кезеңін тиянақтылықпен орындады.

ҚАЖД
Фото: ҚАЖД

Жаңажылдық безендіру жұмысын мекеме әкімшілігі мен тәрбиелік бөлім бірлесе ұйымдастырды.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, мұндай шарларға қатысу сотталғандардың қиялына ерік беріп, командалық рухты дамытуға, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Әмір Шайкежанов