USD
USD
USD

Жаңа жыл қарсаңында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді

Жаңа жыл мерекесіне орай Түркістан облысының полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жеке құрамның қатысуымен саптық жиын өткізіп, қызметкерлердің дайындық деңгейін жан-жақты тексерді.

Ол полиция қызметкерлерінің нысанды киім үлгісін, қызметтік құжаттарын және қызметтік көліктерінің техникалық жай-күйін мұқият қадағалады. Ішкі істер министрі Ерлан Саденовтің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін қызметкерлерге нақты міндеттер жүктелді. Саптық байқау аяқталған соң, полиция қызметкерлері тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында салтанатты түрде сап түзеп, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға кірісті.

Жаңа жыл қарсаңында өңір тұрғындарының тіршілігі ерекше қарбаласқа толы болатыны белгілі. Көшелерде көлік қозғалысы көбейіп, кептелістер жиі орын алады. Осындай сәтте полиция қызметкерлері өңір тыныштығын сақтап, қоғамдық тәртіпті күзету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді. Олар Жаңа жылды отбасыларымен емес, қызмет бабында қарсы алуға әзір.

Сол себепті әрбір тұрғынды қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтап, мерекені тыныш әрі жағымды көңіл күймен өткізуге өз үлесін қосуға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары