USD
USD
USD

Жаңа заң бойынша қандай несие кешірілетіні белгілі болды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Кизатов қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілген өзгерістер туралы айтты. Бұл өзгерістердің арқасында Қазақстан азаматтарына алаяқтар рәсімдеген несиені кешіру мүмкіндігі беріледі, – деп хабарлады Tengrinews.

н
Фото: inbusiness.kz

Алматы, NEGE. Мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Олжас Кизатовтың айтуынша, қазіргі заң бойынша алаяқтық жолмен алынған несиелер тек сот шешімімен ғана кешіріледі. Бұл зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғауды қиындатады. Жаңа заң жобасы аясында сотқа дейінгі кешіру үшін жаңа негіздер ұсынылып отыр. Атап айтқанда, банктен немесе микроқаржы ұйымынан (МҚҰ) алғашқы несие алу кезінде тұтынушының жеке өзі баруы міндетті болады, сондай-ақ 24 сағаттық «суыту мерзімі» енгізіледі. Бұл уақытта қарыз алушы алған несиеден бас тарта алады.

«Сондай-ақ, кейбір азаматтар санаты үшін қосымша талаптар қойылады, яғни несие алу үшін қосымша келісім қажет болады. Егер бұл талаптар бұзылса, банктер мен МҚҰ-лар бұл несиелерді сотқа дейін кешіруге тиіс. Бұған қоса, егер банк немесе МҚҰ биометриялық сәйкестендіру тәртібін бұзса, антифрод-орталықтың талаптарын сақтамаса, клиенттің жеке деректерін заңсыз пайдаланса, онда сот арқылы кешіру негіздері де кеңейтіледі», – деді ол.

Оның сөзінше, мұндай бұзушылықтар сотта дәлелденсе, банктер мен МҚҰ-лар ондай несиелерді міндетті түрде есептен шығаруы керек болады.

«Заң жобасында банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін сотқа дейінгі есептен шығару талаптары енгізіліп отыр, бұл қазіргі заңнамада жоқ, сондай-ақ сот арқылы кешіру негіздері кеңейтіліп жатыр», – деп түйіндеді ол.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар