2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Жаңа туған нәресте тікұшақпен Қызылордаға шұғыл жеткізілді

Жаңа туған сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болған.

Сәби
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Жаңа туған сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болып, оны ТЖМ тікұшағы Жаңақорған ауданынан Кызылордаға жеткізді. 

Кезекші құтқарушылардың хабарлауынша, «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Жаңақорған ауданынан Кызылорда қаласына жаңа туған нәрестені жеткізу үшін жедел әуелік эвакуация жасады.

Мамандардың айтуынша, мұндай операцияларда әрбір секунд маңызды. «Ұшқыштар Ақжолтай Жасұлан мен Қалдыбек Асанов, бортмеханик Мақсат Қожамжаров, инженерлер Маасат Баякенов пен Павел Степичевтің кәсіби жұмысының арқасында сәби қауіпсіз жеткізілді», – деп хабарлады ТЖМ.

Сәбиді тасымалдау кезінде медициналық бригада бірге ұшып, оның жағдайын бақылауда ұстады. Қазір нәрестеге қаладағы медициналық мекемеде қажетті көмек көрсетілуде.

Қазақстанда шалғай аймақтардан науқастарды тасымалдау үшін әуе медициналық қызметі (медавиация) жиі қолданылады. Әсіресе, жаңа туған балалар мен ауыр жағдайда жатқан науқастарға мұндай тәсіл уақыт ұтуға және өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

  • Жыл сайын ондаған адам осы қызметтің арқасында дер кезінде ауруханаға жеткізіледі.
  • Әуе эвакуациялары көбіне Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл сияқты алыс аудандарда жиі жүргізіледі.
  • Бұл қызметті ТЖМ және Денсаулық сақтау министрлігі үйлестіреді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер