USD
USD
USD

Жаңа Су кодексінің жобасына 500-ден астам түзету енгізілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасын пысықтау жұмысын жалғастырып жатыр.

Су
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда құрамына министрлік өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары және сарапшылар кіретін жұмыс тобының отырыстарында талқыланған кодекске қатысты 500-ден астам түзету бар.

28 наурыздан бері бүгінгі күнге дейін Мәжілісте, аптасына екі рет өтетін жұмыс тобының 28 отырысы өтті. Бүгінгі таңда Мәжіліс Үкіметтің қорытындысын алу үшін Су кодексіне 115 түзету және ілеспе заң жобасы бойынша 6 түзету жіберді.

«Жаңа Су кодексінің мақсаты – қоршаған ортаға зиян келтірместен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және соны қолдау. Сонымен қатар, жаңа Кодексте декларативті және қайталанатын ережелер алынып тасталады. Барлық белгіленген принциптер мен міндеттер оларды іске асыру тетіктерімен бекітілген. Гидротехникалық құрылыстардың, ирригация, дренаж және ауыз сумен жабдықтаудың қауіпсіздігі мәселелері жеке бөлімдерге бөлінген», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Бұдан бөлек, 5 кодекс, 9 заң және 28 нормативтік құқықтық акті жаңа Су кодексіне сәйкестендірілді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті