USD
USD
USD

Жаңа Су кодексін жыл соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр

ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында ведомство құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

Су қоймасы
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE.1 жылдың ішінде негізгі 2 құжат әзірленген. Біріншісі, 2030 жылға дейін су ресурстарын басқаруды дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Онда жалпы 160 жуық іс-шара қарастырылған, оның ішінде, 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасын қалпына келтіру жоспарланған.

Бұл 2 млрд текше метр суды жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 14,5 мыңнан астам шақырым ирригациялық жүйелер қалпына келтіріледі.

«Екіншісі - жаңа Су кодексі. Құжат қазір Мәжілістің қарауында және жыл соңына дейін қабылданбақ. Сонымен қатар иесіз қалған су шаруашылық нысандары мемлекет меншігіне қабылданды, т.б. жұмыстар атқарылды, бұл жалғасын табады», - деді вице-министр баспасөз конференциясы барысында.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.