Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жаңа Салық кодексін іске асыру шеңберінде бюджетке 3,5 трлн теңге түседі

Депутаттардың сұрағына жауап бере отырып, Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин бюджетке қосымша түсімдер бойынша көрсеткіштерді таныстырды.

Мақсат Халық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қосымша түсімдердің негізгі көздеріне ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру, банктер үшін корпоративтік табыс салығын 25%-ға дейін ұлғайту, алкоголь, темекі және бензинге акциздердің өсуі, сондай-ақ салық жеңілдіктерінің қысқаруы кіреді.

«Алдын ала есептеулер бойынша жаңа Салық кодексін енгізуден қосымша 3-3,5 трлн теңге күтеміз. Сонымен қатар жалпы экономикалық өсімнен түсетін түсімдер ескеріледі», — деді Азамат Әмрин.

Ол жалпы экономиканың өсуіне байланысты түсімдер де ескерілетінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш