USD
USD
USD

Жаңа Рим Папасы қызметіне кірісті

Ватиканда жаңа Рим Папасы Лев XIV-тің ресми интронизация (таққа отыру) салтанаты болып жатыр.

Лев XIV
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Салтанатты месса жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Астана уақытымен 13:00) басталды және шамамен екі сағатқа созылады. Бағдарламаға дәстүрлі папалық рәсімдер — бақташы билігінің белгісі болып есептелетін паллийді тағу және кардиналдардың құрмет білдіруі кіреді.

Понтификаттың басталуына орай Римге 150-ден астам халықаралық делегация барған. Олардың қатарында монархтар, президенттер мен үкімет басшылары бар. Әулие Петр алаңында қатысып жатқан мәртебелі қонақтардың қатарында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және Украина президенті Владимир Зеленский бар.

Салтанат басталар алдында Папа Лев XIV Әулие Петр алаңымен жүріп өтті, жиналған жұртшылықты қарсы алып, оларға қол бұлғап, жымиып амандасты. Алайда тоқтаған жоқ.

Associated Press мәліметінше, интронизация өтетін аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген — жол қозғалысын азаматтық қорғаныс қызметкерлері реттеп жатыр. Билік өкілдерінің бағалауынша, бұл рәсімге 250 мыңға дейін адам жиналуы мүмкін.

Алаңды аралап шыққаннан кейін понтифик Әулие Петрдің қабіріне барып, дұға жасады, кейін Әулие Петр шіркеуіне оралып, салтанатты мессаны бастады. Интронизация осы месса аясында жүзеге асты.

Дәстүр бойынша жаңа Папаға понтификат белгілері табысталады: Апостол Петрдің мұрагерлігін білдіретін балықшы жүзігі мен қой жүнінен жасалған, айқыштармен кестеленген паллий. Сондай-ақ понтифик дінбасылар мен зайырлы өкілдер делегациясынан адалдық антын қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес