USD
USD
USD

Жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушыға тегін тамақ беріледі

1 қыркүйекте Қазақстанның мектептеріне, колледждеріне және жоғары оқу орындарына 3,9 млн бала барады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Жалпы оқу жылы 7,9 мың білім беру ұйымында басталады – мұндай мәліметті Үкімет отырысы барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Мектеп оқушылары
Фото: жасанды интеллект

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда өңірлерде оқулықтармен қамтамасыз ету 90%-ға жетеді. 25 тамызға дейін барлық оқулықтар өңірлерге жеткізілетін болады. Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға тегін тамақ беруді ұйымдастыру және әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанатын болады. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Биыл 510 мың бала мектепке дайындалу үшін тиісті көмекпен қамтылды. Осы мақсатта бюджеттен 22,6 млрд теңге қарастырылған», — деді Оқу-ағарту министрі.

Қазір оқып жатыр

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ұсталды

Пышақ жарақаты

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас